Госорганы

«Біз — жемқор да, халық жауы да емеспіз”: экс-министр Біртанов сотта сөз сөйледі

Оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айып тағылған болатын

Аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталып жатқан бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішев бүгін сотта соңғы сөздерін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

“Біз ешқандай да жемқор, ешқандай да халық жауы емеспіз. Жемқорлық — қоғамды ғана емес, адамды да жеп қоятын тат. Менің бір түсінбейтінім — өз елінің дамуы үшін жанын салып жұмыс істеген адамды неге өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыптайды?  Мемлекет бүкіл медицинаны дамыту үшін жанталасқан адамды жемқор деп бағалайтыны қызық…”,- деді сөзінің арасында Елжан Біртанов.

Другие новости

Back to top button