Биыл тұтынушылық несие алғандар саны төмендеген — Қизатов
Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
2017 жылдан бастап қабылданған шаралар нәтижесінде стрестік активтердің көлемі 7,7 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін төмендеген. Бұл банк жүйесі активтерінің — 6 пайызы.
2022 жылғы 4 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Стрестік активтер нарығын дамыту жөніндегі заң) қол қойды, оның ережелері 2022 жылғы 4 қыркүйекте қолданысқа енгізілді, — деді Олжас Қизатов.
Жаңа Заңда жеке инвесторларды, оның ішінде бейрезиденттерді қосу арқылы стрестік активтерді уәкілетті сатып алушылардың қолданыстағы тізімін кеңейту көзделеді.
Ол биыл 8 айда тұтынушылық несиелердің төмендегенін айтты.
Былтыр тұтынушылық кредиттердің өсімі 40 пайыз болса, биыл жеті айдың ішінде 12 пайыз болды. Бұл былтырдан қарағанда төмен көрсеткіш, яғни теңгерімді өсім болды, — деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.