Госорганы

Биыл негізгі капиталға 18,5 трлн теңге инвестиция тартуымыз қажет – Үкімет басшысы

Біз негізгі капиталға 18,5 трлн теңге мөлшерінде биыл инвестиция тартуымыз керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Министрліктер мен өңір басшылары экономиканы одан әрі әртараптандыру, және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жалғастыруы қажет. Бұл орайда, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыруға және шикізаттық емес өнім шығаруға басымдық берілуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, IT, туризм және басқа салаларда жоспарланған инвестициялық жобалар пулын іске асыруға күш салу қажеттігіне назар аударды.

«Іскерлік белсенділікті арттырып, экономиканы сапалы дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру қажет. Біз негізгі капиталға 18,5 трлн теңге мөлшерінде биыл инвестиция тартуымыз керек», — деп тоқталды Премьер-Министр.

Другие новости

Back to top button