Госорганы

Биыл жол апатынан қаза тапқан балалардың саны артты – ІІМ

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан балалардың саны 14%-ға өскен

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова биыл балалардың қатысууымен болған жол апаттары жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Биылдың 10 айында ЖКО-да қаза тапқан балалардың саны 14%-ға, ал зардап шеккен балалардың саны 3%-ға артып отыр. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалғандары жаяу жүргіншілер болды. Көп жағдайда балалар ересектер тарапынан тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін зардап шегеді. Себебі олар автоорындықтар, бустерлер және адаптерлер сияқты балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдаланбайды.Біз балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалауды үйренуге және қиын жағдайларда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек», — деді ол.

Боранова атағандай, баланың жолдағы мінез-құлқы көбінесе ата-анасының мінез-құлқына байланысты, сондықтан егер ата-аналар жол қауіпсіздігі ережелері туралы сөйлесіп қана қоймай, оларды өздері сақтаса, бұл мінез-құлық бала үшін нормаға айналады.

«Жаяу жүргіншілер кінәлі болатын ЖКО-ның негізгі себептері белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі, жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өту және бағдаршамның тыйым салу сигналына өту. Ішкі істер министрлігі жолдағы балалардың өлімін азайту үшін шаралар қабылдауда. Біз балалардың жол-көлік жарақатын насихаттау және алдын алу бойынша белсенді жұмыс істейміз, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргіземіз», — деді ол.

Другие новости

Back to top button