Госорганы

Биыл байланыс сапасына қатысты 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен

Жыл басынан бері байланыс және оның сапасына қатысты 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Ол елді мекендердегі интернет сапасы мен оның қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Өкінішке қарай, бұл салада жүйелі жұмысты көре алмай отырмыз. Биыл жыл басынан бері Үкіметке байланыс және ақпараттандыру мәселесі бойынша азаматтардан 5 мыңға жуық өтініш пен шағым келіп түсті», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, арыз-шағымның дені интернетжылдамдығы мен сапасына қатысты.

«Сонымен қатар, елді мекендерде, тіпті ірі қалалардың өзінде мобильді интернет жоқ немесе сапасы нашар. Мұндай шағымдар, әсіресе Алматы мен Астанада көп. Талшықты-оптикалық байланыс желілерімен 3 мыңға жуық ауыл қамтылуы тиіс. 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75% және облыс орталықтарының 60% 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, қала ішінде ұялы байланыс жабдықтарын орналастыру қажеттігі туралы халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ол ең алдымен, байланыс сапасын жақсарту және тұрғындар арасында радиофобияны азайту үшін керек. Сондай-ақ, деректерді беру деңгейі секундына 4-6 терабитке дейін болатын желілердің транзиттік мүмкіндіктерін ұлғайтуға басымдық беру қажет», — дейді ол.

Сондай-ақ, Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде цифрлық хаб болуы тиіс.

Бұл мақсатта ұлттық жобаның осы мақсаттарына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 млрд теңге бөлу жоспарланған.

 

Другие новости

Back to top button