ГлавноеГосорганы

Биыл адам саудасы бойынша қанша қылмыс тіркелді

ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде адам саудасы бойынша тіркелген қылмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауыл-шаруа қожалықтары, құрылыс объектілері, қонақ үйлер, монша кешендері тексеріледі, сондай-ақ интернет желісіне мониторинг жүргізіледі. Мәселен, жыл басынан полиция органдарымен осы санаттағы 124 қылмыс тіркелді. Адам саудасы – 27, оның ішінде кәмелет жасына толмағандармен – 22, жезөкшелікпен айналысуға тарту – 10, оның ішінде кәмелет жасына толмағандармен – 5, адам ағзаларын сату – 4, қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру – 4, притондарды ұстау, жеңгетайлық – 79 оқиға тіркелді», — деді Нұрмағамбетов.

Ол атағандай, бұл жаһандық проблема, оның ауқымы өте кең, адам ағзасын сатудан бастап мәжбүрлеп еңбекке қанауға дейін.

«Қазақстан Республикасы адам саудасының құрбандарын шығару, кіргізу және транзитті ел ретінде, осы құбылыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттардың сақталуына кезең-кезеңімен жақындап, дәйекті шаралар қабылдайды», — деді ол.

Другие новости

Back to top button