Нур-Султан

«Бишімбаевтың тиран екенін айтып, одан қашуға тырысты»: Марқұм Салтанат Нүкенованың туысы жағдайға қатысты пікір білдірді

Марқұм Салтанат Нүкенованың сіңлісі бұрын әпкесінің денесінен көгерген жерлерді байқағанын және Бишімбаевпен қарым-қатынасты үз деп кеңес айтқанын жеткізді. Бұл туралы  агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Марқұмның туысы Самал Нүкенова бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты «құбыжық» деп атады.

«Адамдар мұндай қатыгез болады дегенді мүлде ойлап көрмеппін. Салтанаттың денесін көргендердің бәрі шошып кетті», — деді Нүкенова.

Самалдың айтуынша, ол өткен жылы әпкесінің тойына қатысып, желтоқсанда Астанада той жасаған. Ол жас жұбайлардың қарым-қатынасын идеал деп атауға келмейтінін жеткізді. Ол Бишімбаевтың әпкесіне үнемі қол көтергенін айтты.

«Ол бірнеше рет құрбыларына оның ұрып-соққаны туралы айтқан. Денесіндегі көгерген іздерді өзіміз де көрдік. Қыркүйек айының соңында отбасылық іс-шара өткіздік. Салтанат күртешемен келді, оның астында қысқа жеңді блузка болды. Шешкенде қолында көгерген жерлер бар екенін көрдік. Не болды деп сұрағанымызда күртешесін қайта киіп, массаждан болғанын айтты… Жалпы ол одан бірнеше рет қашуға тырысты, тіпті оның тиран екенін айтты. Салтанат күйеуінің оны ешқайда жібермейтінін, үнемі бақылап жүретінін жеткізді», — деді марқұмның туысы.

Сондай-ақ Бишімбаевтың туыстары марқұмның жерлеуіне қатысқан. Бірақ кешірім сұрамаған.

«Иә, олар жерлеуге келді. Салтанаттың анасымен сөйлестім, ол кешірім сұрамағанын айтты. Бірақ кешірім сұраған күнде де біз қабылдамаймыз. Көп нәрсені кешіруге болады, бірақ дәл осыны емес», — деді марқұмның туысы.

Другие новости

Back to top button