ГлавноеМангистауская область

Бишімбаевтың сыңары: желіде әйел адамды аяусыз соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы кафелердің бірінде әйел адамды аяусыз соққыға жыққан ер адамның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Видео «112_aktau» Instagram парақшасында жариялады.

«Әлеуметтік желіде Ақтауда орналасқан бір кафе алдында қызды бірнеше рет ұрып, кейін басқа жаққа сүйреп алып кеткен видео таралуда. Әлгі қыздың желідегі парақшасында таратып жатқан мәліметіне сүйенсек, бұл бірінші рет емес, осыған дейін ұқсас жағдайлар болған екен», — делінген аталмыш парақшаның жазбасында.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті мейрамханада болған оқиғаға байланысты «патруль экипажы бұзақылық әрекеттердің алдын алды» деп жауап берді.

Олардың жеке басын анықтап, полицияға жеткізді.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп жауап берді облыстық полицияда.

Бұл оқиғаға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Екінші Бишімбаев, кеш болмай тұрғанда қамау керек», «Оңбаған қасындағылары да бір көмектеспепті, еркек емес ездер, осындайларды апарып бір жерге әбден сабап тастау керек қой», «Біреудің өсірген қызын қалай ұруға дәттері барады, хайуандар», — деп жазды желі қолданушылары.

Другие новости

Back to top button