ГлавноеГосорганы

Бишімбаевтың ісі: Гастро-орталық директоры екі айға қамалды

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

– “Бау” мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро-орталық директорына қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ол 2 айға қамауға алынды, – деп хабарлайды департамент.

Оған қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша (қылмысты жасыру) айып тағылған. Бұдан өзге ақпаратты департамент тергеу мүддесіне байланысты жарияламады.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Ізінше «экс-министр Қуандық Бишімбаевты Салтанат Нүкенованың туыстары кешірді» деген ақпаратты Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов жоққа шығарған.

Другие новости

Back to top button