Нур-Султан

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Күні кеше екінші әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Назым бірнеше жыл бұрын Қуандық Бишімбаевпен ресми түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, оқиғаға байланысты оған көптеген қоңыраулар түскен.

«Иә, бұл қорқынышты, түс сияқты. Қоңыраулар түскенде, не болып жатқанын мүлде түсінбедім… Шокта болдым», — деді Назым.

Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл болған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

«Біз 2020 жылдың 5 қазанынан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге өмір сүрген жоқпыз. Біз балаларымызға қатысты тақырыппен сирек араласатынбыз. Балаларға көмектесіп тұрды, бірақ соңғы жылдары өте сирек араластық.  Бұл қайғылы оқиға. Салтанаттың отбасына көңіл айтамын», — деді Назым.

Айта кетейік, 9 қараша күн і кешке экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Кейіннен марқұм әйелінің қазасына қатысты жаңа деректер пайда болып, оның жүкті болуы мүмкін екені айтылды.

Сондай-ақ ол бұрын сыбайлас жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталған экс-шенеунік түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан. Әлеуметтік желіде кейбір қолданушылар “егер түрмеден босатпағанда, мұндай ауыр қылмыс болмас еді” деп сотқа көңіл толмаушылық білдіруде.

Другие новости

Back to top button