ГлавноеГосорганы

Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша қарастырылады – ІІМ

Оның ағасы да істі болды

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Бишімбаевтың ісі танысуға жіберіледі. Екі бап бойынша», — деді Лепеха.

Ол атағандай, Қуандық Бишімбаевтың ағасы «Қылмысты жасырғаны үшін» бабы бойынша қарастырылады.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін  өлтірді деп күдікке ілінгені жөнінде ақпарат тарады. 12 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты тағы үш қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды. Оның бірі ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша ашылды. Оның аясында гастро-орталық директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 30 қарашада Мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлады.

4 желтоқсанда ҚР парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясы аясында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты материал БҰҰ сайтында жарияланғанын айтты.

Другие новости

Back to top button