Госорганы

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты eGov.kz уақытша жұмыс істемейді

2024 жылдың 29 ақпанында сағат 22:00-ден 2024 жылдың 1 наурызында сағат 02:00-ге дейін eGov.kz порталы жұмыс істемейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты аталған уақыт аралығында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Осы уақыт аралығында келесі жобалар:

  • eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
  • egov mobile мобильді қосымшасы;
  • «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;
  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқамерзімді қолжетімсіз болуы мүмкін.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.

Тақырыпқа орай: Бірыңғай уақыт белдеуі: Көлік министрлігі жолаушыларға арнап мәлімдеме жасады

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек», — деп жазылған қаулыда.

Другие новости

Back to top button