ГлавноеГосорганы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қанша қазақстандықтың 100 миллион теңге жинағы барын хабарлады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қанша қазақстандықтың есепшотында 100 миллион теңгеден астам ақшасы барын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БЖЗҚ-ның хабарлауынша, 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 13 инвестордың ең жоғары зейнетақы жинақтары 100 миллион теңгені құраған.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 675,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 525,6 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 305 мың адамды құрайды.

«2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 120 937 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге», – деп хабарлады қор.

Другие новости

Back to top button