Главное

Біреудің салық төлемегенін көрсеткендер 8 мың теңге сыйақы алатыны рас па

Жаңа салық кодексінің жобасына сәйкес, бір кәсіпкердің салығын төлемегенін көрсеткендерге 2 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 8 мың теңге) төленетіні рас па? Ulysmedia.kz тілшісі бұл сұрақты қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа қойды.

БІРЖАНОВ НЕ ДЕЙДІ

Ол – қазіргі салық кодексінде бар норма. Сыйақы беру деген арнайы норма бар. Үкімет тарапынан арнайы ережелер қабылдау арқылы іске асырылып жатыр. Ол норманың жұмыс істеп жатқанына да бес жылдан асып кеткен. 1000 теңге сыйақы төленген еді. Бірақ биыл ондай сыйақы ешкімге төленіп жатқан жоқ. Бұрын азаматтық бақылау принциптері енгізілген кезде сондай қаражатты қарастырған болатынбыз, – дейді ол.

Жаңа кодекс шеңберінде азаматтық бақылау қағидаттарын енгізген кезде біреудің салық төлемегенін көрсеткендерге 8 мың теңге төленетіні турасында түзету көзделмеген.

Бұл мәселе тек жұмыс топтарында талқыланды. Бірақ әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ. Қазіргі жаңа салық кодексі жобасында қазіргі ескі редакция бар. Мысалы, егер кассалық аппаратты сауда жасайтын болса немесе аударым ретінде жібере сал дейтіндер болса, ондай жағдайларда салықшыларға жүгінуге болады. Сол кезде осындай сыйақы алу мүмкіндігі көрсетілген. Бірақ қазір қаралған нормалардың бірінде сыйақыны 2 АЕК болсын деген ұсыныс қабылданған да, бұл жобада да жоқ, – деді Ержан Біржанов.

ӘҢГІМЕ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Жаңа салық кодексінің жобасына сәйкес, салық төлемеген кәсіпкерлер туралы хабар берген азаматтарға сыйақы беру мүмкіндігі қарастырылғанын бұған дейін қоғам өкілі Жанар Сүлейменова айтқан еді. “Жаңа салық кодексінің ерекшеліктерінің бірі – заңдастырылған «жала жабу» жүйесі. Енді кез келген азамат бейресми тауар сатылымына қатысты фото, видео немесе скриншот ұсынса, 2 АЕК көлемінде сыйақы алады. 1937 жылға қайта оралғандаймыз” деп жазды ол. Сүлейменова кодекстің 53-бабына сілтеме жасап, бұл норма бақылау-кассалық аппараттарын және төлем карталарын қабылдауға арналған құрылғыларды пайдалану талаптарының бұзылуына қатысты екенін атап өткен еді.

Другие новости

Back to top button