Культура

«Бір пост бір млн теңге»: Елдос Колобок парақшасында қаншаға жарнама жасайтынын ашып айтты

Елдос Колобок есімімен қазақстандық танымал блогер парақшасына жарнама салу құны қанша екенін ашып айтты. Елдос Қадірханов «TALK LIKE» бағдарламасында әлеуметтік желідегі парақшасынан табатын табысы жайлы жасырмай баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі блогерден: «Бір пост — 1 млн теңге, сторис — 600 мың теңге ме?», — деп сұрады.

Ал блогер бағдарлама жүргізушісі Аман Тасығанның бұл айтқанын растады.

«Иә, рас. Мені шақырмай-ақ өзіңіз айта берсеңіз болады екен ғой. Жарнаманы алғанды үнемі тексере бермеймін. Кейде иә, кейде жоқ. Аузы күйген үрлеп ішеді дегендей, қазір бір ғана компанияға жарнама жасаймын.

Алдында біреудің курсы болса да, кафе ашса да салып беретінмін. Бірақ мен бартерге тамақ ішпегенмін. Біреудің бірнәрсесін ішу, жеу үшін жарнама жасамаймын. Мен ақымды төлесе сол жерге уақытымды бөліп, барып, жарнамасын жариялап беремін», — деді Елдос Колобок.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Елдос Колобок жеті жылға жуық уақыт ішінде балалы бола алмай жүруінің себебін ашып айтты.

Другие новости

Back to top button