Социум

Бір отбасының сегіз адамын атып кеткен

Қаза тапқандар арасында үш бала бар

ДХР-дағы Макеевкада бір отбасының сегіз адамын атып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Бір отбасының сегіз адамын атып өлтірген. Болжам бойынша, автоматпен атқан. Қаза тапқандардың арасында үш бала бар», — деп хабарлады қала әкімшілігінен.

Қайтыс болғандардың ішіндегі ең кішісі — бір жасар бала.

Қаланың Червоногвардия ауданында болған қайғылы оқиға орнында қауіпсіздік қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері және отбасын атқан адамдар туралы ақпарат нақтылануда.

Другие новости

Back to top button