Социум
Бір отар қойды қырып кеткені үшін бір үйір қасқырды атқан ер адамдардың видеосы жарияланды
Желіде бір отар қойды қырып кеткен қасқырларға шабуыл жасап кеткен ер адамдарың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео авторының мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақтөбе облысындағы Мартук ауылында болған.
Бір қора қойды қырып кеткен соң жігіттердің көлікке мініп, кек алу үшін көлікке мініп, қасқырларға оқ атқанын көруге болады.
«Дым қалдырмаған. Тауық-қаздарына дейін қырып, бір алабай итін сүйреп алып кеткен», — дейді видео авторы.