Культура

«Бір күнде үш тойға кіремін»: Мақпал Жүнісова күн режимін баяндап берді

Танымал әнші Мақпал Жүнісова бір күнінің қалай өтетінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі үнемі тойға шығатынын жасырмады.

“Қызылордадағы Әділет деген інімде жеке нөмерім бар еді. Сол хабарласып, “тағы бір тойға жеңілдікпен кіріп беріңізші” деп өтініш айтты. Күні бойы тойда жүремін. Құдайдың бұйыртып тұрғаны шығар деп өтінішін жерге тастай алмадым. Той құтты болсын! Әлі тамағымды да ішкен жоқпын. Кеше тамақ та дайындамадым. Таңертең 10.30-да үйден шыққам, күндіз құранда аста болдым. Екі сағат ұйықтап, содан тойға екі сағат жиналып, екі тойға барып, үшінші тойға кіріп тұрғаным ғой”, – деп күлдірді әнші.

Халық әртісінің шынайы болмысына көпшілік риза болып, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

“Қызымның есімін Мақпал деп қойдым”, “Қаншама сынаққа шыдаған төзімді адам”, “Шынайы болмысы бәрінен биік етіп тұр”, “тарс еткізіп қойып қалатыны ұнайды”, “Аллам мықты денсаулық пен ұзақ мұңсыз, бейнетсіз ғұмыр берсін иншалла! Халқыңызға еркелеп, жарқырап жүре беріңіз”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, 59 мыңға жеке билет сатып алған Мақпал Жүнісова домбыраны бортқа кіргізбеген әуе компаниясына шүйліккен еді.

Другие новости

Back to top button