Культура

«Бір жылдай кездеспей, нүкте қойылды»: Ерке Есмахан күйеуімен қыз-жігіт болып жүрген кезін есіне алды

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Райыммен қыз бен жігіт болып жүрген кезде болашақ жарына қандай ән арнағанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің ән қоржынындағы танымал әндердің бәрі күйеуіне арналған болып шықты.

“Бұрында бір жүріп, бір жүрмей, бір мезгілде түбегейлі қоштасып, одан қайтып кездесіп калып, сезім қайтадан лаулады. Не боларымызды білмей жүргенде 2019 жылы «1001 күн» деген әнімді арнаған едім. Одан соң 1 жылдай мүлдем кездеспей, жүздеспей нүкте койылды. Әркім өз өмірін сүріп кеткен кезде «Аққу» деген әнімді арнадым. Содан 2023 жылы Райымга күйеуге шығып өмірімді арнап, бала туып отырмын сол үйде деп ашуланып кетсем соңында», – деп жазды әнші.

Сонымен қатар мегажұлдыз оқырмандарына берген уәдесі бойынша, бренд сөмкесін сыйлады.

“Уәде еткен сыйлық таңдалды. Бұл сөмкемді біраз елге, жерге, қуанышқа ұстаппын. Fendi брендінен алғанмын. Сөмкенің қазіргі бағасы – 1 млн 472 500 теңге. Жеңімпазымыз – 4 ұлдың анасы. Ақкөңіл, сыпайы, әдемі келіншек екен. Парақшасын көріп, қуанып кеттім. Құттықтаймын. Бұйырған жанға қуаныш, бақыт, байлық ала келсін. Осы сөмкемен дүниежүзін аралаңыз. Қатысқандарыңызға рақмет! Енді жиі сыйлық сыйлап тұрамын», – деп жазды Ерке.

Еске салайық, «Шоппинг үшін бардық» деп Ерке Есмахан Парижден алған бренд заттарын көрсеткен еді.

Другие новости

Back to top button