Социум

«Бір жағын өрт шарпып, тағы бір аумағында жер сілкінді» — Түркияда қазіргі жағдай қандай? (видео)

24 шілде сағат 21.08-де Анталияның Кемер демалыс аймағында басталған орман өрті әлі де жалғасуда. Өртті сөндіруге 1500 төтенше жағдайлар қызметкерлері, 12 ұшақ пен 22 тікұшақ қатысуда. Өрт желдің күшімен ауқымды аумаққа тарап жатыр. Ал өрт басталған уақытта Түркияның Адана провинциясында да жер асты дүмпулері тіркелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Milliyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Өрттің ауқымды аумақты шарпуы шектен тыс аптап ыстықтың салдары дейді Түркияның Анталья қаласында тұратын қазақстандық Ілімшан есімді азамат.

«Өрт өшірілмеді, әлі де жалғасуда. Билік өз бетінше шара қолданбауды, өртті сөндіруді жедел түрде құрылған жедел әрекет ету орталығына қалдыруды тапсырды. Өрттің біраз аумақты шарпу себебі, облыста 15 күннен бері нормадан тыс ыстық болды. Ауа температурасы 40-45 градусқа дейін жетеді», — деді Қазақстан азаматы.

Сондай-ақ, өрттің аумағы 125 гектарға жеткені белгілі болды.

«Өрттің аумағы 125 гектарға жетті. Өртті сөндіру процесі біршама ұзағырақ болғалы тұр. Барлығы бақылауда болады. Біздің команда беріліп жұмыс істеуде. Бұл мүмкіндігінше тезірек сөндіріледі деген сөз» — деді Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой.

Бақылау жүйесі бар тікұшақтармен қатар бригадалар да жұмыстарын тоқтаусыз жалғастыруда. Бұл іске еріктілер де қолдау көрсетіп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button