Госорганы

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын жеңді

Ол төрт дүркін әлем чемпионымен сайысқа түсті

Әлем және Қазақстан әйелдер құрамаларының алғашқы матчы нағыз сенсациямен аяқталды, деп хабарлайдыSports.kz.

Қуанышты жаңалықты alga.peterburg инстаграм парақшасы жариялады. Әзірге партиядағы есеп әлемнің жұлдызды құрамасының пайдасында, бірақ қазақстандық Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды жеңілуге мәжбүр етті. Дәлірек айтқанда, Бибісара әйелдер арасындағы ФИДЕ рейтингінде ең жоғары көрсеткішке ие шахматшыны жеңді.

«Бұл нағыз сенсация! Бибісара 2021 жылы шахмат тарихындағы ең жас блиц чемпионы болды, соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал 2022 жылы ол блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды! Ал, бүгін біздің Бибисара бізді керемет жаңалықтармен қуантуды жалғастыруда» — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button