Главное

«Бетіне тігіс салды»: Астана мектебінде ерекше бала оқушы қыздың көзінің тұсына маркер сұғып алған

Астана қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектепте инклюзивті сынып оқушысы 2-сыныпта оқитын қыздың бетіне өткір ұшы бар маркерді сұғып алған. Бұл туралы зардап шеккен оқушы Айлиннің анасы Айгүл Жолсейіт айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айгүл Жолсейіттің айтуынша, оқиға сабақ арасындағы үзіліс кезінде болған. Қызы Айлин шашки ойнап отырған сәтте, инклюзивті сынып оқушысы келіп, ойыншықтарын шашқан. Қыз бала «әрі кетіңдер» деп ескерту жасаған кезде, екінші оқушы өткір маркермен оның бетіне шабуылдаған.

«Көзіне сәл жетпей қалған. Періштесі қаққан екен. Жедел жәрдем шақырттық, бетіне тігіс салынды. Қатты қорқып қалған, түнімен жылап шықты», – деді анасы.

Оның айтуынша, оқиға кезінде сыныпта мұғалім де болған. Алайда мұндай жағдайдың қалай болғаны түсініксіз күйінде қалып отыр.

Бұл жағдай ата-анада үлкеналаңдаушылық туғызды. Ол мектептегі қауіпсіздік деңгейін, мұғалімдердің жауапкершілігін және инклюзивті оқушылармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарау қажет деп санайды.

Редакция бұл оқиғаға қатысты мән-жайды білу үшін Оқу-ағарту министрлігіне сұрау жолдады.

Другие новости

Back to top button