Культура

«Бетіме айтқан кезде ешнәрсе қызық болмай қалды»: актер Жахан Отарғалиев дәрігерлер ауыр диагноз қойғанын айтты

Актер, продюсер Жахан Отарғалиев өзін күйзеліске түсірген диагнозы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

«Дәрігерлердің «Жахан, сенің физикалық тұрғыда балаң болмайды» дегені бір. Екіншіден, мұны әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр тиді. Бұрын да сезетінмін.  Біраз жыл жүрдік қой. 15 жылдай. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп, бетіме айтқан кезде еш нәрсе қызық болмай қалды», — дейді ол.

Актер 2023 жылдың қиындықтар мен сынақтарға толы жыл болғанын жеткізді.

«Мұңаятын кездер болады. Сен өзіңді іштей жей бересің. Сол қиын сәтте маған диагноз қойылды. Сол маған қатты әсер етті. Маған өмір сүру, бәрі қызық болмай қалды. Жиналып, өзіме келуіме пайғамбарымыздың өмірбаяны себеп болды», — дейді актер.

Ол өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ екенін атап өтті.

«Мен үшін бұл өмірде ең ауыр нәрсе… Мені тек басынан дәл осындай жағдай өтіп жатқан адам ғана түсінеді. Бала сүю… бұл бақыт маған да бұйыратын шығар, бәрі бір Алланың қолында. Үмітім үзілмейді…Мен әке болсам, тура өзімнің әкемдей әке болар едім. Балама бар мейірімімді берер едім. Мені депрессияға ұшыратқан осы диагноз, достар! Өйткені бұл өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ қой…», — деді ол.

Другие новости

Back to top button