Нур-Султан

Бес жыл бойы ішкен: Астана тұрғыны энергетикалық сусындардың кесірінен ауруханаға түсті

Елорда тұрғыны энергетикалық сусындардың кесірінен ауруханаға түсті. Әйел оларды 5 жыл бойы ішкен. Дәрігерлер оған көңіл көншітпейтін диагноз қойып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны Диана бес жыл бойы күн сайын энергетикалық сусындардың бір-екі бөтелкесін ішкен. Оның айтуынша, алғашында оларды ішкенде күш-жігерің көбейіп, жұмыс істеуге ыңтаң ашылғандай болған. Бірақ одан кейін бойжеткен сусынның шынайы тәуелділікке апарғанын түсініпті.
«Менің ойымша, энергетикалық сусындардың күші никотинмен бірдей. Екеуін бір-бірімен салыстыруға болады. Өйткені шөлдеген кезде іше бергің келеді. Қанша ішсең де тоймайсың”, – дейді Диана.
Бірнеше жылдан кейін Диана сусынның шынайы дәмін білген. Бұл тәтті емес, қыздың өміріндегі тым ащы тәжірибе болды. Мәңгілік сергектік ұйқысыздыққа айналды, ал энергияның көтерілуі дәрігерге баруға себеп болды.
«Энергетикалық сусындарды ішкенде алдымен жүректің соғуы жиілейді содан кейін баяулайды бірақ қайтадан тез соғуын бастайды ғой. Мен тұрақсыз жүрек соғысын, бұдан соң кеудедегі ауырсынуды сезіндім. Қорқып кеттім, менде инфаркт болды деп ойладым”, – дейді қыз.
Осы оқиғадан кейін ол энергетиктерді ішуден мүлдем бас тартты. Дәрігерлер бұл ең дұрыс шешім деп санайды. Энергетикалық сусынның құрамындағы заттар денеге жеке-жеке пайдалы немесе теріс әсер етпейді. Әрине, егер олар қалыпты мөлшерде және таза түрінде емес көкөністер немсе жемістертермен тұтынылуы керек.
«Мұнда барлық стимуляторлар араласып отырады. Әрине, қанттың әсері газдалған сусынмен бірге артады. Өйткені егер өнім газдалған болса, онда олар процесстерді тез жүзеге асырады. Бұл химиялық процестерді тез іске қосады және тиісінше әсері байқалады», – дейді эндокринолог-дәрігер Меруерт Нәлібаева.
Энергетикалық сусындардың бөтелкелерінің сыртынан өндірушілердің өздері күніне бір сусыннан артық ішуге кеңес бермейтіні туралы жазуды көре аласыз. Наркологтар бұл сергітетін сусын, сондай-ақ алкоголь тәуелділікті тудырады дейді. Ол психологиялық және физикалық болуы мүмкін.

Другие новости

Back to top button