Алматы

Бес адамды атып өлтірген Игор Дужновтың үйінен көшіру кезінде қару табылды

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың үйінен қару табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Полиция мәліметінше қазір Алатау аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

«102» пултіне жеке сот орындаушысына Сыздықов көшесіндегі үйде көшіру жұмыстарын жүргізу барысында қару табылғаны туралы ақпарат түсті», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 28 шілдеде Дужновтың үйін полиция қоршауға алғаны белгілі болды. Көп ұзамай үйді сот орындаушылары мәжбүрлеп босатқан.

Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Игорь Дужнов Ақбұлақ ықшам ауданындағы үйінің ауласында бес адамды атып өлтірген еді. Қаза тапқандар арасында екі полицей, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен куәгер болған. Ал 2022 жылдың 26 сәуірінде сот шешімімен Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын “Қара бүркіт” түрмесінде өтейді.

Другие новости

Back to top button