Госорганы

Берік Асылов прокурорларды жұрт алдында қысылмай сөйлеуге үйретуді тапсырды

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби даярлығы ерекше маңызды екенін атап өтіп, жас прокурорларды ораторлық шеберлікке үйретуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанадағы Бас прокуратурада Мемлекеттік айыптаушылардың екінші республикалық форумы өтті. Жиында бас прокурор Берік Асылов, Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сөз сөйледі. Форумға қатысқандар арасында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова да бар.

Беріс Асылов прокурорларды кәсіби даярлаудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік айыптаушыларды алдын ала дайындау керектігін баса айтты.

«Сондықтан ол салалық қызмет пен Құқық қорғау органдары академиясына өз жұмысын тыңдаушыларды шешендік өнер мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын үйретуге бағыттауды тапсырды», — деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Форумда, сондай-ақ, алқабилер сотын дамыту перспективалары, алқабилердің жеке деректерінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету, олардың қылмыстық процестегі рөлін нығайту және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша форумға қатысқандар алқабилер сотын дамыту мәселелерін шешу және сотта мемлекеттік айыптау сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірледі.

Другие новости

Back to top button