ГлавноеГосорганы

Беларусьқа барып келдік – ТЖМ басшысы АЭС құрылысына дайындық жайлы

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов атом электр станциясын салуға дайындық туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Қазақстан атом электр станциясын пайдаланудағы әлемдік тәжірибені зерттеп жатқанын еске салды.

«Иә, біз қазір осы нысандарды пайдаланудың әлемдік тәжірибесін зерттеп жатырмыз. Осы мақсатта біз Беларусьқа барып келдік. Келесі аптада бізде бұл жұмысты жалғастыру жоспарланған. Әрине, қазір тиісті жоспарлар әзірлеп, атом электр станцияларын салуға және одан әрі пайдалануға дайындаламыз», – деді ол.

Еске сала кетейік, Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу жөнінде жария тыңдауға барып қайтқан еді. Үлкен ауылындағы көптен күткен үлкен жиынға жобаға қатысты компания өкілдері, Энергетика министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлері, жан-жақтан белсенділер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келген. Жиналғандар екіге бөлініп, жанжалдасып қала жаздаған болатын.

Осыдан екі жыл бұрын да қазіргідей «Қазақстанға атом электр станциясы керек пе, әлде жоқ па?» деген сұрақ қызу талқыланып, тараптар қай алаңда болмасын аргументтерімен «атысып» жататын. Сол уақытта Ulysmedia энергетик Әсет Тұрысов пен экономист Жарас Ахметовтың пікірін сұрап көрген еді. Біз жуырда араға екі жыл салып осы спикерлерден қазіргі пайымын сұрадық.

Халыққа Жолдауында Қазақстан президенті АЭС құрылысына байланысты жалпыұлттық референдум өткізілетінін мәлімдеді. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізілетін уақыт әлі белгіленбегенін, бірақ дайындықты басталып кеткенін хабарлады.

Другие новости

Back to top button