Госорганы

Бектенов екі апта берген: алып компаниялар 17 млрд теңге салық төледі

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері жүздеген компания салық төлегенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАЛДАУ

Талдау нәтижелері бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде құрылыс саласында жұмыс істейтін 172 компанияға (ірі құрылыс салушыларды қоса алғанда), сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын 102 компанияға салық салынатын табысты төмендету белгілері бар екендігі жөнінде хабарламалар жіберілген.

12 наурыздағы жағдай бойынша, салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын төлеп жатыр. Қазірдің өзінде 17 млрд теңге көлемінде төлем жасалды, оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да салық төлеген. Деректерді салыстыру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, бірқатар ірі құрылыс компаниялары қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз ету және құрылыс саласындағы көлеңкелі схемалардың алдын алу үшін МКК-мен бірлесіп цифрлық шешімдер әзірлеуге қаржылай қолдау көрсету бастамасын көтеруде.

ЕСКЕРТУ

ҚР ҚМ МКК салық төлеушілерді салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Егер хабарламалар орындалмаса, салық органдары кешенді салықтық тексерулер жүргізуді бастайды.

БЕКТЕНОВ НЕ ДЕП ЕДІ

Еске салайық, 1 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов олигархтарға салық төлеу үшін екі апта уақыт берген болатын.

Бүгінде елімізде 2,3 млн салық төлеуші тіркелген. Оның 8%-ы немесе 137 мыңы ғана – ҚҚС төлеушілер. Жалпы субъектілер санының 81%-ы оңайлатылған декларацияны пайдалана отырып, арнайы салық режимінде жұмыс істейді, ал олардың 85%-ы 15 млн теңгеге дейінгі кірістерді көрсетті.

Другие новости

Back to top button