Культура

«Бекер үйлендім»: Балалы бола алмайтынын айтқан танымал блогер Елдос Калабок ағыл-тегіл жылады

Әзілкеш, асаба, қалың көпшілікке “Колобок” деген лақап атпен танымал Елдос Кәдірханов Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, сырқаты жайлы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Блогердің шаңырақ көтергеніне 10 жыл болса да сәби сүйе алмай жүр. Елдос Кәдірханов бұған кім кінәлі екенін, сырқаты және әйелімен қарым-қатынасы жайлы баяндады.

“Ауырдым, операцияға түстім. Дәрігерлер: “Дер кезінде келіп үлгердің, болмаса өліп кетер едің” деді. Бұтым ауырды, валикация, болмаса басқа дүние деп ойладым. Сөйтсем шұғыл операция керек екен, ісікке айналу қауіпі бар болған. Ота жасалған соң дәрігерлер менде бедеуліктің белгілері барын, балалы бола алмауым мүмкін екенін айтты. “Отадан кейін тексеріліп көп, қалпыңа келген соң белгілі болады” деп сырқатым туралы бәрін біліп тұрса да мені үміттендіріп шығарып салды. Ол кезде мен 21 жастамын, қазір 31-демін. Осы диагнозбен жүргеніме 10 жыл болды. “Аппарат” жұмыс істеп тұр, өз қызметін атқарады, белгілі бір сұйықтық бөлінеді, бірақ байлаға айналмайды. Бармаған жерім жоқ, шетелге де бардым. Шетелде жүрсек басқалар қыдырып жүр деп ойлайды. Оның артында біздің көз жасымыздың тұрғанын, шок болып, қанша рет әйеліммен сөйлеспей қалған кездерім болғанын білмейді. Бір-бірімізге “ажырасайықшы, біз бірге тұра алмаймыз, отбасы бола алмаймыз” деп айтқан кездеріміз болады. Сол сәтте осындай сөздер айтылады, басыламыз, “ештеңе етпейді, бұдан да өтеміз” дейміз соңында.

Блогердің айтуынша, келіншегі Таңшолпан болашақ күйеуінің сырқаты жайлы білген.

“Маған қатты ауыр тиген сөз: «Сенде 100% бала болмайды». Пендеміз ғой, бал аштыруға да бардық. Олар да: “Бала асырап ал, сенде бала болмайды “ деді. Дәрігерлердің де айтатыны сол. Әйелімнің жылағаны жаныма батады. Оның көз жасына оқырмандардың жазған пікірлері және менің кесірімнен балалы бола алмайтыны себеп. “Тоқал алсаңшы”, “Мен туып берейін”, “ЭКО-ға барсаңдаршы” дейтіндер көп. Мұндай пікірлерді менің әйелім оқиды ғой. Олар біздің 6 жыл бойы қандай сынақтардан өтіп келе жатқанымызды білмейді. ЭКО-ға барып шешілетін мәселе болса, біз баяғыдан шешіп қояр едік. Ұйқысыз түндер көп болды. “Әттең-ай”, “бекер үйлендім” деген кездерім көп болды. Бұл сөзді әйелім жаман болғаннан айтқан жоқпын. “Бұл сынақ маған келіп тұр, бекер үйлендім, өзім жүре бергенде. Мүмкін мұндай жағдай болмайтын еді” деген ойлар жиі мазалайды.  Яғни, кінә менен. Менің денсаулығымда кінәрат болғандықтан бізде бала жоқ. Үйленер кезде әйеліммен бұл туралы сөйлескенмін. Ол кезде танымал, жағдайы айналып кеткен Елдос жоқ. Оның да өмірі бар. Мен сырқатымды білім тұрып айтпай, үйленіп алуым дұрыс емес. Диагнозым туралы ашық айттым. “Бізде бала болатынын, болмайтыны, өміріміз гүл бола ма, күл бола ма нақты білмеймін. Бірақ мен не жеймін, соны жейсің, не ішсем соны ішесің. “Қиындықты да, жақсылықты да бірге көреміз” дегенге дайын болсаң, кеттік” дедім, ол жылады. Бірақ “жоқ” деп те, “иә” деп те айтпады. Келесі күні қашан алып қашып кететінімді айттым, сол күні алып қашып кеттім. Әйеліме Алла разы болсын, ешқашан “кетемін” деп айтпайды. Кейде солай айтпағаны үшін ашуланамын, кейде риза боламын. Керісінше, маған: “Менде сондай болса, сен кетіп қаласың ба?” деп сұрақ қояды. Бұл сөзден кейін не дейсің? Кінәлі болып тұрып, соны біліп тұрып өмір сүрген қиын. Ол менің орнымда болса, мен қандай шешім қабылдайтынымды, ол қандай сехімде болатынын білмеймін. Бірақ қазір балалы бола алмауымызға мен кінәлі болғаным үшін өзімді жаман сезінемін. Көпшіліктің осы жағдайды білмей, әйеліңді қаралағыны маған ауыр тиеді. Ешкімнің баламен сыналғанын қаламаймын.

Десе де блогер перзент сүюден үмітті және көп нәрседен бейхабар оқырманға да өз өтінішін айтты.

“Өзім де үмітімді үзбеймін. Менің бар арманым – үйге кірген кезде баламның “папа” деп жүгіріп шыққаны. Маған ақша, дүние маңызды емес, ақшасыз да өмір сүргенмін. Алдынан баласы жүгіріп шығатын қарапайым отбасы болғым келеді. Мен соны армандаймын және сол арманыма жетуге әрекет етемін. Оқырманнан сұрайтыным, әйелімді қаралай бермеңіздерші. Менің кінәлі екенімді білмейді, бірақ түрлі пікірлерімен шаршатты. Маған біреулердің аянышпен қарағанын қаламаймын, бірақ әйелімнің бұл жерде еш кәнісі жоқ екенін де айтқым келеді”, – дейді Елдос Кәдірханов көз жасына ерік беріп

Другие новости

Back to top button