Социум

Бейсенбіде Қазақстанның басым аумағында қар жауады

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктер 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде қар, күндіз аздап қар жауады. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -7-9 градус болады.

Алматыда бұлтты ауа райы болады, түнде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз 0+2 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің алғашқы жартысында қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз +5+7 градус болады.

Другие новости

Back to top button