Социум

Бейресми статистка бойынша елімізде жыл сайын 500 мың адам зорлық-зомбылықтың құрбаны болады – зерттеу

6 істің біреуі ғана әкімшілік қамауға жетеді

Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ және «Zertteu Research Institute» қоғамдық қоры еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Қордың директоры Шолпан Әйтенованың айтуынша зерттеу маусым мен қыркүйек айлары аралығында жүргізілген. Зерттеу 2021 жылды қамтиды.

«Былтыр полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 114 мың адам хабарласқан. Агрессорларды әкімшілік жазалау 2 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Мыңнан астам іс қылмыстық деп тіркелді. Біздің сараптама бойынша, 3 істің біреуі ғана сотқа жеткізіледі. Оның бір себебі – арыздарды қайтып алу. Ал 6 істің біреуі ғана әкімшілік қамауға жетеді. Сондықтан жәбірленушілер агрессордың жазасыз кетуін білгендіктен, полицияға хабарласпайды. Жүйе оны қорғай алмайтынын біледі. Қазіргі заңнама жәбірленуші тарапында емес және ол зорлықтың қайталанбауына кепілдік бола алмайды», — деді Әйтенова.

Оның айтуынша, бейресми статистикаға сәйкес жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 500 мың құрбаны тіркеледі.

 

Другие новости

Back to top button