Назначения и отставки

Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.

Білімі:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастады.

2009-2011 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы;

20011-2013 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы;

2013-2017 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған;

2017-2020 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры;

2020 жылғы қыркүйектен бастап — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.

Другие новости

Back to top button