Шымкент

Басынан тепкілеген: Шымкентте ер адамды көшеде соққыға жығып өлтірді

Полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр

Шымкентте ер адамды көшеде ұрып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

OTYRAR жазуынша, оқиға 26 қыркүйекте кешкі сағат 17:00 шамасында болған.

«Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам 54 жастағы тұрғынға көшеде шабуыл жасап, басынан аяусыз тепкілеген. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, ол уақытта жәбірленуші қайтыс болып кеткен болатын», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер кісі өлтіріп, оқиға орнынан қашып үлгерген күдіктіні іздестіріп жатыр.

Другие новости

Back to top button