Культура

«Басыңа келгенде түсінесің»: Роза Рымбаева бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті

ҚР халық әртісі Роза Рымбаева немересінің тәрбиесімен тікелей айналысатынын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі немересіне жақсы әже болу үшін қолынан келгенін жасап жүргенін журналист Ләйлә Сұлтанқызына айтып берді.

“Адам немерелі болғанда мейірімің екі есе көп болады екен. Одан кейін өзінің балаларың өсіп кеткеннен кейін кішкентай нәрестені сағынасың. Бұл деген екі есе жауапкершілік. Немереме де жақсы тәрбие, махаббат бергім келеді. Әже болғаннан кейін еркелеткім келеді. Сондай ерекше қасиет пайда болады екен. Бұрын құрдастарыма «Неге кешке дейін немерелеріңді айта бересіңдер. Сенің емес, балаңның баласы ғой» деуші едім. Сол кезде олар «Рымбаева басыңа келгенде түсінесің» деп жауап беретін. Тура сол басыма келді. Немереден тәтті бала жоқ екен», – деді өнер иесі.

Бұған дейін халық әртісінің немересі зеректігімен жұртты таңғалдырған еді.

“Қазақстанның туын қай жерде де бірінші көріп қояды», – деп жазды Әли Оқапов.

Өнер иесі ұлы Зейіннің әлем картасы мен туларының арасынан Қазақстанның байрағын жазбай танитын көрсеткен болатын.

Еске салайық, Роза Рымбаева аяғы ауыр кезде қалай жесір қалғанын айтып берген еді.

 

Другие новости

Back to top button