Госорганы

Бас прокуратура Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Самат Әбіштің ісіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлвйды Azattyq Ruhy.

«Мен тек істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан оның мәртебесі сотталушы болуы мүмкін», — деді Әсет Шындалиев.

Сондай-ақ ол қылмыстық істе мемлекеттік құпия барын атап өтті.

Бұған дейін Бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша («Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғаған болатын.

Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасында Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген еді. Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

Другие новости

Back to top button