Главное
«Бәріне мақтай берген»: блогер ер адамды үш айда бай етудің жолын айтты (ВИДЕО)
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2025/02/67ac6fd04a617689579146.jpg-780x470.webp)
Блогер Мөлдір Нұрақбайқызы нәзікжандыларға күйеуін бай етудің жолы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өз сөзінде ешқандай табысы жоқ ер адамға қатысты тәжірибе жасалғанын айтты.
«Күйеуі ешқандай табыс таппайтын адам болған. Ал әйелі оны үш ай бойы мақтай берген. Енесі келсе де, басқасы келсе де «негізінде ол жақсы адам» деп мақтай берген. Күйеуінің өзіне де мақтай берген. Үш айдан кейін одан жомарт адам болмаған», — дейді Мөлдір Нұрақбайқызы.
Айта кетейік, осыған дейін танымал бақсы әйел адамдарға баюдың жолын айтқан болатын.