Выбор редакцииГосорганы

«Бәрін уақыт көрсетеді»: Жигули Дайрабаев ұлдарының алаяқтық жасады деп айыпталып жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

«Ауыл» партиясының атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаев ұлдары алаяқтық жасады деп күдікке ілінді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Менің ұлдарым кішкентай емес, олардың өз өмірлері бар. Оларды қамауға алды деген секілді ақпараттар шындыққа жанаспайды. Бір ұлым егіншілікпен айналысса, екіншісі құлпынай өсіреді. Біз құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысына араласа алмаймыз. Бәрін уақыт көрсетеді», — деді Дайрабаев 5 қазан күні ОСК ғимаратында журналистердің сұрақтарына жауап беріп тұрып.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Жигули Дайрабаевтың ұлдары Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысымен бірге сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, алаяқтық жасады жасады деп айыпталып жатқаны туралы ақпараттар шыққан.

Еске салайық, 30 қыркүйекте Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған болатын.

Другие новости

Back to top button