Социум

БАҚ: McDonald’s Қазақстан нарығындағы жұмысын біржолата тоқтатуы мүмкін

Америкалық Bloomberg басылымы өзінің жеке дереккөздеріне сүйене отырып, McDonald’s фаст-фуд мейрамханалар желісі, жеткізілім мәселелеріне байланысты қазақстандық нарықтан кетуі мүмкін екендігін айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, McDonald’s-тың Қазақстан нарығынан кету туралы шешім Украинада әскери іс-қимыл басталғаннан кейін, Қазақстанға ет жеткізу мәселесі туындағаннан кейін пайда болған. Сондай-ақ басылым қазақстандық кәсіпорындар Ресейге салынған санкцияларға ілінбегінмен, McDonald’s жергілікті франчайзилерге ет котлеттерін ресейлік жеткізушілерден сатып алуға тыйым салғанын атап өтті.

Сонымен қатар америкалық БАҚ Food Solutions KZ ЖШС-не тиесілі McDonald’s-тың 24 мейрамханасы жеткізілімге байланысты қиындықтар туындауына байланысты 2022 жылдың қараша айында өз жұмысын тоқтатқанын да атап өткен. Бұл ретте басылым тілшілері қазақстандық бизнес ет котлеттерін жергілікті немесе еуропалық жеткізушілерден бағаның тым қымбаттағы мен көлік шығындарына байланысты сатып ала алмайтынын, сол себепті елде аталған бизнесті жүргізу шығынға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін айтады. Айда кетерлігі, әзірге McDonald’s аталған оқиға қатысты пікір білдіруден бас тартқан. Айда кетейік, бұған дейін Қазақстанда McDonald’s өз жұмысын тоқтатқан сәтте, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин тілшілерге компанияның не себепті мұндай жағдайға душар болғанын анықтайтынын айтқан еді.

Кейін ол өнім импортына қатысты мәселе бар екенін растаған еді. Десе де ол «мәселені шешу процестері» жүріп жатқандығын хабарлаған болатын. Естеріңізде болса, өткен жылдың шілде айында Қазақстанда McDonald’s өз жұмысын тоқтатқаны туралы хабар тараған еді. Ол кезде компания өкілдері кәсіпорын техникалық мәселелерге байланысты, уақытша жұмыс істемейтінін мәлімдеген болатын.

Другие новости

Back to top button