Госорганы

Банкрот болу қарызды төлемеу емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек – Әлихан Смайылов

Премьер-министрі Әлихан Смайылов өзін банкрот деп жариялауға ниетті қазақстандықтарға үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Биыл наурызда азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң қолданысқа енеді. Бұл құжат кредитін төлей алмай, қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған яғни соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Мұндай рәсімдерге қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады. Азаматтардың міндетті түрде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтуі көзделіп отыр», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

 

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, банкроттыққа қатысты шаралар азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

 

«Заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артатын болады. Алдағы уақытта жылдам қарыз алу үшін кредиттік тарихының дұрыс болуына азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Банкрот деп мойындау қарыздарды төлемей кету емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек екенін әркім білуі керек»,- дейді Үкімет басшысы.

Другие новости

Back to top button