
Полицейлер «есірткі жасырушы» болып жұмыс істейтін балаларда болатын белгілер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция ата-аналарға мына белгілерге назар аударуды ұсынады:
- баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері пайда болса;
- жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;
- араласатын ортасы өзгерсе;
- сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;
- күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;
- жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.
» alt=»» aria-hidden=»true» />
Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез-келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек.
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталатынын еске салады.