Выбор редакцииКостанайская область

«Баламның дені сау болды»: Қостанай облысында 15 күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан үш жасар баланың ата-анасы дәрігерлері айыптауда

Қостанай облыстық балалар ауруханасында үш жасар Әмір наркоздан кейін 10 күннен бері есін жимаған. Оған өзге де балалармен бірге жоспарлы урологиялық операция жасалған. Әмірдің ата-анасы дәрігерлердің салғырттығын кінәлауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап.

 

15 желтоқасан күні үш жасар Әмір мен Ақназар,төрт жасар Игорь және екі жасар Ерназарға наркозбен жоспарлы урологиялық операция жасалған.

Ең үлкен бала Игорь наркоздан бірінші оянғанымен өздігінен жүріп, отыра алмаған. Бала операциядан кейінгі үшінші күні ғана тұрып, қадамдар жасаған. 22 желтоқсанда ол ауруханадан шығарылды. Ал төрт жасар Ақназар да сол қарқынмен сауыққан. Жарақат алған балалардың кенжесі Ерназар бесінші-алтыншы күні ғана әкесінің қолдауымен қозғала бастаған. Ол операциядан кейін стационарлық ем алу үшін неврологияға жіберілген.

Ал Әмір 15 күннен бері есін әлңі жимаған.

Балалардың ата-анасының сөзінше, ота күрделілігіне байланысты 5 минуттан 40 минутқа дейін созылып, сәтті өткен. Алайда екі сағаттан кейін оянуға тиіс олар ес-түссіз жатқан. Бірнеше сағаттан кейін тіпті балалардың барлығының қызуы көтерілген.

Әмірдің анасы Анастасияның сөзінше, кешке қарай ұлының тыныс алуы ауырлаған. Кейін дәрігерлерді шақырғанында олар баланың жақ сүйегін ашу арқылы тынысын жеңілдеткен.

«Дәрігерлердің өзі шошып кетті. Олар бізге пропофолға реакция болуы мүмкін екенін, оның құрамында S.Profoli бар екенін айтты. Бұл препарат наркозбен барлық балаларға бір ампуладан берілген деген болжам бар. Бірақ нақтысын ешкім айтпады”, – деді Анастасия.

15 желтоқсаннан бері әлі есін жимаған балаға алғашқы көмек көрсетілген соң  бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда әлі күнге дейін оянбаған.

“Бұл ауруханаға келген кезімізде баламның дені сау болды. Дәрігерлердің салғырттығынан міне осындай жағдайға түстік. Қазір оған жедел ми қан айналымы бұзылысы, уытты энцефалопатия диагнозы қойылды. Оның неліктен мұндай күйде екенін әлі ресми түрде хабарлаған жоқ”,- деді Әмірдің әкесі Нұрлан.

Нұрлан бөлімге арыз жазып, сол жерден оны медициналық және фармацевтикалық бақылау бөліміне жіберген. Ол арызы қабылданған прокуратураға жүгінді.

Другие новости

Back to top button