Госорганы

Балалардың қауіпсіздігін бақылауды күшейту қажет – Смайылов

Премьер-министр ішкі істер органдары да бұл бағытта мұқият жұмыс істеу керегін айтты

Қарағанды облысында балалардың улануына қатысты Премьер-министр Әлихан Смайылов тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ажар Ғиниятқызы, балаларды барлық қажетті дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етіп,   ауруханадан шыққаннан кейін де олардың жағдайын ерекше бақылауда ұстаңыздар. Әкімдіктер интернаттық, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі балалардың қауіпсіздігін бақылауды   күшейтуі қажет. Ішкі істер министрлігі болған оқиғаның нақты себептері мен кінәлілерді анықтау бойынша тергеу амалдарын мұқият жүргізуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, 1 тамыз қарағандының арнаулы әлеуметтік орталығында балалар жаппай уланып, 13 жастағы бала көз жұмған еді.

Другие новости

Back to top button