ГлавноеКультура

Балаларды қорғау күнінде елімізде 1 мыңнан астам іс-шара өтеді

Мерекелік шараларға 3 миллионнан астам бала мен ата-ана қатысады

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның барлық аймағнда 1000-нан астам түрлі іс-шара өткізіліп, оған 3 миллионнан астам бала мен ата-ана қатысады. Бұл республиканың барлық қаласы мен облыс орталықтарының саябақтарында балаларға арналған гала-концерттер, мәдени-ойын-сауық бағдарламалары, мұражайларға, саябақтарға, театрларға, спорт нысандарына бару және т.б.

Бірқатар облыста «BALAFEST» балалар фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады.

«Сондай-ақ жетім-балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және жекелеген санаттағы отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Мейірімділік – балаларға» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Оқушылар арасында «Туған елге тағзым!» және «Ана тілім – тірегім!» атты республикалық челлендждер өткізіледі.», — делінген хабарламада.

Толығырақ ақпарат облыстардың білім басқармаларының сайттарында орналастырылған.

Другие новости

Back to top button