Госорганы

Балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр — ДСМ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда елде қызылша дертінің көбейіп жатқанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

«Қазір балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайды. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден (Түркия, Ресей Федерациясы) келгендер мен туристерден анықталды. Осылайша, балалар ауруды жұқтырып, ауыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды. Оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған», — деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, министр эпидемия басталмағанын, мектептерде карантиннің енгізілуін күтудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Қазақстан бойынша ауру жұқтырудың 100 дерегі тіркелді. Әзірше, эпидемия басталған жоқ», — деді Ажар Ғиният.

Другие новости

Back to top button