Госорганы

Балаға қатысты буллинг деректері бойынша жауапты органдар қалай әрекет етеді

Ішкі істер министрлігі балаларға қатысты буллинг деректері анықталған жағдайда жауапты органдар қалай әрекет ететінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Биылғы 3 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Онда балалар арасындағы әлімжеттікпен, буллингпен күрес ұғымы бекітілді. Оқу-ағарту министрлігі баланы қорлауға немесе қорқытуға (буллинг) жол бермеу бағытында тиісті қағидаларды әзірлеу және бекіту жөніндегі уәкілетті орган саналады. Бұдан басқа, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң 18-4-баппен «Балаға қатысты интернет-ресурстарда кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері жөніндегі өтініштер» деп толықтырылды. Осы бапқа сәйкес азамат немесе баланың заңды өкілі балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда, құқыққа қарсы әрекеттер жасалатын интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалатын кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінуге құқылы», — делінген Ішкі істер министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.

Атап айтқанда, сараптама тобы балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды. Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің уәкілетті органы айқындайды.

«Өз тарапынан полиция органдары буллингтің әрбір фактісін әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының бар-жоғына тексереді, оның нәтижелері бойынша шешім қабылдайды. Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында дәріс оқиды, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіреді. Барлық мектепте директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар штаттық лауазымдар енгізілгенін хабарлаймыз. Жекелеген өңірлердегі білім беру ұйымдарында құқық бұзуға жол бермеу бойынша штаттық лауазымдарды енгізудің оң нәтижелері бар», — деп аталып өткен министрлік мәліметінде.

Бұдан басқа, білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен, дабыл жүйесімен, лицензияланған жеке күзетпен, кіруді бақылау және басқару жүйелерімен жарақтандырылып жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық бағдарламаенгізіледі.

UNESCO баяндамасына қарағанда, әлем мектептеріндегі әрбір үшінші оқушы буллингкетап болады.

Другие новости

Back to top button