Образование

Балабақшаларды лицензиялау қашан басталады – нақты мерзімі белгіленді

Премьер-министр Әлихан Смайылов балабақшаларды лицензиялау мерзіміне қатысты нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 2021 жылдың басынан бері жалпы 674 балабақша ашылған. Бірақ қызмет сапасына қатысты мәселе аз емес. Премьер-министр қазанның соңына дейін балабақшаларды лицензиялау мәселесін реттеуді тапсырды.

«Мектепке дейінгі ұйымдар сапасын арттыру үшін оқу-ағарту министрлігіне биыл 1 қарашаға дейін мектепке дейінгі ұйымдардың лицензиялау мәселелерін пысықтауды тапсырамын», — деді Смайылов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, 14 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларды ұру оқиғаларының жиілеп кеткенін айтты. Ал мемлекет ақшасы жұмыс істемейтін балабақшаларға бөлінеді.

Осыған байланысты мемлекет басшысы жеке меншік балабақшаларда қайта лицензиялау мәселесін пысықтауды тапсырды.

Другие новости

Back to top button