Главное

«Балабақша басшылығының идеясы»: Ақтауда лимузин мінген бөбектердің видеосы желіде қызу талқыға түсті

Зәулім мейрамханада, оркестр жалдап, балабақшамен қоштасқан бүлдірішіндерге той жасап берген ата-аналардың әрекеті желіде талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған видеоде сән-салтанаты келіскен балалар мейрамханаға лимузинмен келген. Кішкене қыздар қымбат, әсем көйлек, ұлдар көгілдір костюм-шалбар киіп вальс биледі. Кейін балақайлар мантия мен оның қалпағын киіп ән шырқады. Зал іші  сәнделген. Балалардың жеке фотолары қойылған.

Көпшіліктің бұл мерекеге қатысты пікірі екіге бөлінді. Бірі — енді ғана балабақшамен қоштасқан балалар үшін шашылып-төгілген ата-аналарды кінәласа, екіншісі – жақтады.

Желі қолданушыларының бірі: «Ата-аналардан ешқандай шығын шыққан жоқ, барлық шығынды бала-бақша басшылары көтерді. Тігінші өздерінікі, лимузин ата-ананікі, жүргізушісі де ата-ана. Бұл жерде басшылардың идеясы керемет болды. Соның арқасында осындай керемет қоштасу өтті десек болады» деп жазса, оған жауап берген пікірі білдіруші: «Балабақша басшылары ол ақшаны қайдан алды екен? Сол қызық болып тұр маған?», — деп қарсы сұрақ қойған. Басқа да жұртшылық түрлі пікір қалдырып жатыр.

«Ысырап жасауды қою керек қой, бір ата-ананың жағдайы жетеді, біреуінің жағдайы жетпейді», «Осыған қашан тыйым салады? Бір ата-ана қызыма 750 мың теңге кетті деп жылап отыр. 52 мың теңгеге гүл, екі көйлек алыпты» «кішкентай балалардың, ата-ананың қуанышы, сіздердің нелеріңіз кетіп жатыр, қалтаңыздағы ақшаны сұрап алып жатқан жоқ қой», «осыларды тоқтату керек. Не керек осындай мақтаншақтық? Осыны жасап жүрген ата — анаға және балабақша ұжымына айыппұл салып, ескерту жасау керек деп ойлаймын . Жағдайы жоқ ата — аналар немесе көп балалы отбасылар мұндай отырысқа қалай қол жеткізеді, ойлаңдаршы», — деп жазды көпшілік.

Другие новости

Back to top button