Культура

Байқау: Таланттар тыс қалмасын!

Бүгін Esentai Gallery заманауи өнер галереясында «Driven by Dreams» («Арман жетегінде») шығармашылық кәсіп өкілдері арасында ашық республикалық байқау жарияланды. Ұйымдастырушылар байқау аясында түрлі медиада жұмыс істейтін қазақстандық авторлар өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетіп, ең батыл көркемдік идеяларды шындыққа айналдыра алатынын атап өтті.

Байқаудың мақсаты – заманауи өнерді насихаттау, мәдени бастамаларды қолдау және қазақстандық авторларға көркем жобаларды іске асыру үшін жағдай жасау. Байқауға кез-келген адам қатыса алады – әр түрлі медиада жұмыс істейтін атақты және жас авторлар (әр түрлі техникадағы – мүсіншілер мен сәулетшілер, дизайнерлер, цифрлық өнер шеберлері және т.б.). Esentai Gallery директоры, Аrt Future жобасының негізін қалаушы, куратор, арт-кеңесші, Sothbey’s Art Institute, Royal Academy of Art, KIMEP түлегі Тоғжан Сақбаеваның айтуынша, «Арман жетегінде» тақырыбын таңдау кездейсоқ емес.

«Пандемия, әлеуметтік және геосаяси катаклизмдер сияқты соңғы жылдардағы оқиғалар қоғамдағы алаңдаушылық деңгейінің өсуіне түрткі болды, ал қазіргі шындықта көпшілігіміз үшін асыл арман – бұл еңсенің түсуіне жол бермейтін, алға ұмтылуға күш беретін нәрсе. Арманға жету тақырыбы – бұл үміт тақырыбы: егер сенің арманың болса, қиындықтарға қарамастан оны жүзеге асыру үшін бәрін жасайсың», — дейді жоба кураторы Тоғжан Сақбаева.

Байқаудың қазылар алқасының төрағасы, ғылым кандидаты, өнертанушы, Қастеев ат. Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми хатшысы Екатерина Резникованың айтуынша, мұндай іс-шараны өткізу өзекті болып табылады, өйткені суретшінің қоғамдағы рөлін жаңаша қарастыратын уақыт келді. «Жаңа көркемдік жобаларға бастамашылық жасау көркемдік ортаны жандандырудың қуатты құралы, республиканың шығармашылық ресурстарын ынталандыру тәсілі болып табылады. Бұл байқау өзекті және қызықты тақырыпқа жүгінеді және әр түрлі медиада жұмыс істейтін суретшілерге кең мүмкіндіктер ұсынады. Бұл Esentai заманауи өнер галереясының маңызды бастамасы, ол тек көрме арт-алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа креативті идеялар кеңістігі, білім беру жобалары мен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыру орны ретінде жұмыс істейді. Суретшілерге өздерінің шығармашылық әлеуетін, үздік деп танылуы мүмкін жобаны жасау үшін жағдай жасау мүмкіндігі беріледі», — деп белгілеп өтті Екатерина Резникова.

Байқауға өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 наурыздан басталып, 22 мамырға дейін жалғасады, қатысушылар саны шектелмеген. Белгіленген мерзім ішінде кез-келген автор өз жобасының визуалды тұжырымдамасын ұсыну арқылы өтінім береді – бұл базалық скетчтер немесе арт-нысандардың неғұрлым кәсіби үшөлшемді модельдері болуы мүмкін. Өтінімдерді құрамына Esentai Gallery директоры Тоғжан Сақбаева, ғылым кандидаты, өнертанушы, Қастеев ат. Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми хатшысы Екатерина Резникова, мүсінші, сәулетші, суретші, ҚазБСҚА сәулет кафедрасының профессоры, сәулет, құрылыс және өнеркәсіптік дизайн саласындағы көптеген әзірлемелердің авторы Сәкен Нарынов, суретші, аты аңызға айналған «Қызыл трактор» арт-тобының қатысушысы, Дизайнерлер одағының президенті, Еуразиялық Дизайнерлер одағының төрағасы Арыстанбек Шалбаев, Porsche-ның ҚР-дағы ресми импорттаушысының директоры Гаухар Габдрахимова кіретін қазылар алқасы бағалайды.

Іріктеу кезеңі аяқталғаннан кейін қазылар алқасы жеті үздік концепцияларды анықтайды, олардың авторлары үш ай ішінде байқауды ұйымдастырушылар ұсынған, қажетті инфрақұрылымы мен материалдары бар арт-резиденция негізінде өз жобаларында жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Арт-резиденцияда құрылған 14 байқау жеңімпаздарының жұмыстары каталогталған және Esentai Gallery кәсіби экспозициясына қойылған. Байқау жеңімпаздарының – суретшілердің шеберлігін өнер сыншылары мен арт-галереяға келушілер арт-маусымның ең белсенді екі айында, 2023 жылдың қыркүйек және қазан айларында бағалай алады.

Жыл қорытындысы бойынша жұмыстар арт-аукционда ұсынылатын болады, ал оларды сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін ұйымдастырушылар қайырымдылыққа жібереді.

Байқаудың бастамашылары мен ұйымдастырушылары Art Future заманауи өнерді дамыту жобасы және спорттық автомобиль жасаудың әлемдік көшбасшысы Porsche компаниясы.

Байқау шарттары мен концепцияларды рәсімдеуге қойылатын талаптар www.drivenbydreams.kz сайтының арнайы парақшасында жарияланатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін галереяның телефон нөміріне хабарласыңыз

+7 702 190 1412.

Instagram: @esentaigallery

 

Другие новости

Back to top button