Выбор редакцииКультура

Баян Алагөзованың әкесі қайтыс болды

Белгілі продюсер Баян Алагөзова естелік жазбада әкесін сағынатыны туралы жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Әкешім, мен сені ақтық сапарға шығарып салу үшін ұшып барамын. Мен сенің күлкіңді, дауысыңды, өзіңді сағынатын боламын. Cені өмір бойы мақтан тұттым, сенің көңіліңді қалдырудан қорықтым және сен туралы ешқашан жаман ойлаған емеспін. Себебі, сен әлемдегі ең ақжарқын, ақылды әрі мейірбан адамсың. Мен саған лайықты қыз болуға тырыстым, қолымнан келді ме, білмеймін. Сен маған өзіңе сенуді үйреттің. Есіңде ме, 18 жасымда мен сенен көмек сұрағанмын. Өйткені, сен көптеген халық әрістерін, композитор, ақындар мен режиссерлерді танитын едің. Сонда маған: “Талантты болсаң, өзің-ақ жарып шығасың, талантың болмаса – қызым үшін ұялғым келемейді” деген едің. Осылайша, ғажайыпты күтпей, алға ұмтылуды үйреттің. Мен сені жақсы көремін, құрметтеймін. Сенің қызың болғанымды мақтан тұтамын. Барлығы үшін алғыс айтамын”, – деп жазды Баян.

Продюсердің әріптестері мен желі қолданушылары қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

 

Другие новости

Back to top button