АлматыГлавное

«Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен»: полиция Алматыда екі автобустың соқтығысуына қатысты толығырақ мәлімет берді

Полиция Алматыда екі қоғамдық автобустың соқтығысуынан болған қайғылы жол апаты туралы толығырақ айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасының сызбасын және бейнебақылау жүйелерін талдау кезінде 8 қараша күні сағат 14.05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі МАЗ қоғамдық көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен.

Сөйтіп автобус жүргізушісі Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысқан. Көлікті 59 жастағы азамат басқарған.

Соқтығысудан кейін №98 бағыттағы автобус көлік екпінмен тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі — 37 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетейік, кеше, 8 қарашада Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобустың соқтығысып, ірі жол апаты болды.

Құқық қорғау органдары 98 және 201 бағыттағы автобустардың соқтығысқанын мәлімдеді. Іс бойынша сараптамалар тағайындалды. Медициналық көмекке 21 адам жүгінген. Сондай-ақ жол апатынан бір баланың зардап шеккені белгілі болды.

Другие новости

Back to top button